Кез келген жасқа арналған әр түрлі бағыттағы 68 жаттығуға дейінгі жиынтық айына 15 000 теңгеден басталады!

Әрбір ата-ана өз баласының дені сау әрі бақытты болуы үшін барын салады.

Әдетте баланың физикалық тұрғыда толықтай жетіліп, шымыр болып өсуі үшін балабақша мен мектептегі дене шынықтыру сабақтары жеткіліксіз.
Fidelity денсаулық клубтарының желісі әр түрлі бағдарламалар көмегімен Сіздің балаңыздың фитнеске қызығушылығын оятып, салауатты өмір салтына баулуға көмектеседі.

ТАПСЫРЫС БЕРУ!

Өзіңіз туралы мәлімет қалдырыңыз. Біздің менеджер
Сізге хабарласып, толығырақ ақпарат ұсынады.

БІЗДІҢ БАҒДАРЛАМАЛАР:

Жүзу

Жүзу, дене сымбаты және денсаулық біртұтас ұғым. Бұл спорт түрінің барлық мүмкіндіктерін Сіз Fidelity фитнес-клубтар желісінің бассейндеріндегі алғашқы минуттарда-ақ түсінесіз.

Карате

Карате жаттығуларының негізгі мақсаты қара белбеу алу емес, тұлғаның бойында мінез қалыптастыру. Карате көмегімен бала өз мінезін шыңдайды.

Гимнастика

Гимнастика – жан-жақты дамыту, бала бойындағы физикалық қабілеттерді толықтай ашуға мүмкіндік береді және кез-келген спорт түрімен айналысуға негіз бола алады.

Еркін күрес

Еркін күрес секциясын Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, Азия Кубогының екі дүркін иегері, Азия чемпионы Ислам Байрамуков басқарады.

Kids Cross Force

Жаттығу мақсаты барлық физикалық қабілеттерді жетілдіру: күш, жылдамдық, төзімділік, ептілік, икемділік.

Хореография

Fidelity Балалар Клубындағы хореография сабақтарының басты мақсаты балалардың жеке қабілеті мен тәжірибесін ескере отырып, олардың шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту.

Күшейткіш жаттығулар

Барлық ірі бұлшықеттерді жаттықтыруға бағытталған. Бағдарлама бұлшықет күшін, төзімділікті, іс-қимыл координациясын және икемділікті дамытады.

МАЙТАБАН ПРОФИЛАКТИКАСЫ

Арнайы құрылғы көмегімен майтабанның алдын алу және табан бұлшықетін нығайтуға бағытталған жаттығулар бағдарламасы.

Йога

Балаңыз сауықтыру йогасының ең негізгі асандарын үйренеді. Жаттығулар бұлшықет пен буындарды жетілдіруге, стрессті жеңуге және икемділікті арттыруға бағытталған.

КҮШТІ АРҚА

Жаттығулардың басты мақсаты – түзу мүсін қалыптастыру (арқа бұлшықеттерін, құрсақ тығыршығын жаттықтыру).

Zumbatomic

Би сыныбындағы белсенді қимыл-қозғалысты қажет ететін сабақтарда іс-қимыл координациясы және музыка ырғағына ілесе білу қабілеттерін дамытуға көңіл бөлінеді.

Арт-студия

Топтық бағдарламалар барысында баланың шығармашылық қабілеттері дамиды. Сондай-ақ, сурет салу, илеу және өрнек жапсыру техникаларымен танысады.

Біздің видеолар:

Fidelity Клубтарындағы балалар фитнесі әлемі - қызықты әрі белсенді орта, қамқор ата-аналар үшін нағыз мереке! Ерте жастан бала бойында фитнеске деген қызығушылық ояту арқылы біз оның мықты, батыл, өзіне сенімді болып өсуіне жағдай жасаймыз.

Чемпиондарды тәрбиелейміз! Fidelity FIT&WELL Балалар Клубындағы киокушинкай карате сабақтарында ең алдымен өзіңді өз жалқаулығыңды, әлсіздігің мен еріншектігіңді жеңуге үйретеді. Егер Сіз өзіңіздің не өз балаларыңыздың бойында мықты мінез қалыптастырғыңыз келсе, салауатты өмір салтын ұстануды ойласаңыз - жаттығуларға қосылыңыз!

Балаңыздың дені сау, дене бітімі сымбатты әрі физикалық белсенді болып өскенін қалайсыз ба? Олай болса, Сізге керегі - жүзу жаттығулары. Оған қоса, жүзе білу бүгінгі күні және болашақта балаңыздың қауіпсіздігі үшін маңызды.

Еркін күрес сабақтары баланы өзін қорғауға ғана үйретіп қоймай, оған қоса бала бойында күш, ептілік, икемділік, төзімділік сияқты бірқатар мінез ерекшеліктерін қалыптастырады және жетілдіреді. Fidelity Клубтарында жас спортшыларды дайындауға барлық жағдай жасалған - арнайы зал, кәсіби күрес кілемі бар. Бірақ ең бастысы оларды Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, Азия Кубогының екі дүркін иегері, Азия чемпионы Шығыс-Азия ойындарының жеңімпазы, 2000 жылғы Сиднейдегі (Афины) Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, спорт шебері, ҚР еркін күрес құрамасының аға жаттықтырушысы Ислам Байрамуков жаттықтырады.

Fidelity Балалар клубындағы хореография сабақтары ерте жастан басталады. Үш жасар балақайлар өздері жақсы көретін танымал музыкалық композициялар пайдаланылатын қызықты ойын түріндегі бірегей бағдарлама бойынша жаттығады. Алты жастан асқан балаларға арналған хореография сыныптарында балалар станокпен танысады, негізгі хореографиялық позицияларды меңгереді, жалпы физикалық дайындығын шыңдайды және би үйренеді.

Жүзу - Fidelity Балалар Клубындағы ең танымал секциялардың бірі. Жас жүзгіштердің жетістіктері ата-анасы мен жаттықтырушыларының көз қуанышына айналған. Fidelity жас жүзгіштің спорттағы жетістігі шынайы болуы үшін арнайы кең көлемді спорттық жарыстар ұйымдастырып отырады. Fidelity FIT&WELL Балалар Клубындағы Жүзу мектебінің артықшылықтары - Сізге ыңғайлы жаттығулар және кең көлемді жарыстар кестесі ұсынылады және бағасы қолжетімді.

Fidelity Клубтарының жаттықтырушылары мен дәрігерлері тұрақты түрде ата-аналармен кездесу өткізіп тұрады. Кездесу барысында Fidelity Клубтар желісінің бас дәрігері мен педиатр-дәрігері бала денсаулығына қатысты ең өзекті мәселелер (атап айтқанда: артық салмақ, қант диабеті, бұлшықет тонусының жетіспеуі, әр түрлі жастағы балаларда остеопения мен остеопороз дертінің пайда болуы және т.б.) бойынша ақпарат береді, ал клуб жаттықтырушылары Балалар Клубындағы жаттығу жүйесін түсіндіреді, спорттық жарыстар және мереке кестесімен таныстырады. Ал Fidelity Жүзу мектебінің балалары cу жолақтарында өз өнерлерін көрсетеді.

Отбасы - ең үздік команда! Бала ата-анасынан үлгі алатындығын Fidelity-дегілер біледі. Ал салауатты өмір салтын ұстану әдетін қалыптастыру - ол бірге жаттығу. Бүгінде Отбасы күні Fidelity-дегі дәстүрлі әрі сүйікті мерекеге айналған. Бұл күні ең белсенді әрі бірлігі жарасқан отбасылар ересектер мен балаларға арналған спорттық эстафеталарға қатысады.

Fidelity Балалар Клубында тұрақты түрде фитнес-гимнастикадан көрсетілімдер ұйымдастырылып тұрады. Балалар би элементтері мен гимнастикалық трюктерден тұратын қызықты қойылымдар дайындайды. Фитнес-гимнастика - Fidelity арнайы балалар үшін дайындап шығарған бірегей бағдарлама, ол жылдамдықты, ептілікті, іс-қимыл координациясын жаттықтырады, икемділік, ритмді сезіну мен актерлік қабілетті дамытады.

Алтын Күз Fidelity Балалар Клубының дәстүрлі би мерекесі. Жыл сайын жас бишілер өз өнерлерін көрсетіп, жетістіктерімен бөлісіп, шеберліктерін таныту үшін осы мерекелік шараға ерекше дайындалады.

Балаға фитнес не үшін керек?

Сауықтыру

Жүрек-қантамыр және тыныс алу жүйесінің төзімділігін арттыру, бұлшықет күшін және бұлшықет төзімділігін арттыру, икемділікті дамыту және дене құрамын (дененің таза салмағы мен май тіндерінің қатынасы) жақсарту.

Спорт мәдениеті

Баланы өз тәнін тыңдай білуге және түсіне білуге үйрету, өз денсаулығын күтуге және стресспен қауіпсіз әрі өзіне пайдалы тәсілмен күресу тәртібіне баулу.

Мінез

Өсе келе қажет болатын мінез ерекшеліктері, яғни өзін жеңе білу, бәсекелесу, жеңу, нәтижеге зейін қою машықтарын қалыптастыру.

Құрдастарымен
араласу

Бүгінде фитнес-клуб бұрынғы ауладағы ойынның орынын басты. Балалар бір-бірімен көше бойында емес, сапалы фитнес-клубтарда бірге ойнап әрі дене шынықтырумен айналыса алады.

Алғашқы сынамалық сабаққа жазылыңыз!

Кез келген жасқа арналған әр түрлі бағыттағы

68 жаттығуға дейінгі жиынтық айына

15 000 теңгеден басталады!

Өзіңіз туралы мәлімет қалдырыңыз. Біздің менеджер
Сізге хабарласып, толығырақ ақпарат ұсынады.

ТАПСЫРЫС БЕРУ!

Байланыс

Біздің клубтарымыз

Fidelity «Самал»
Fidelity «Ботанический сад»
Fidelity «Бұхар Жырау»
Fidelity «Нұрлы Тау»

Байланыс телефоны: +7 (727) 356 55 55

Біз әлеуметтік желілердеміз: